Еліміздің төрт облысында жол жабылды

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында боранға байланысты бірқатар жол бөлігі жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Қарағанды, Теміртау, Нұр-Сұлтан арқылы өтетін учаскелерінде қозғалыс шектелген. Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы жол бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық. «Жезқазган-Петропавл» тас жолының Арқалықтан Ақмола облысына дейінгі бөлігінде де күн райының құбылуына байланысты шектеу бар. «Қазавтожол» мамандары бұл күндері көлік жүргізушілеріне алыс сапардан бас тартуға шақырады. Жол мамандары қазір күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.