Қарағандылық кәсіпкер 57 млн теңгені жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Қарағандылық кәсіпкер 57 млн теңгені жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды
inform.kz

Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысын алаяқтық бойынша тергеу аяқталды,  ол алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

- 2015-2019 жылдар аралығында Қарағанды ​​магистральдық желі филиалының станцияларындағы жолдарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК АҚ-дан жалпы сомасы 57 млн ​​теңгеден астам қаражатты жымқырған, - делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі тартқан мәліметте.

Ведомство қаржы бюджетке қайтарылғанын атап өтті.

«Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айырылды», – делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарламасында.