Президент резиденциясы тарихи ескерткіштер тізімінен алынбақ – Алматы

Президент резиденциясы тарихи ескерткіштер тізімінен алынбақ – Алматы
Мәдениет және спорт министрлігі

Алматыдағы Президент резиденциясы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен алынады. 

Осы нысанның тағдырына қатысты құжат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды. «Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде 31-тармақ алынып тасталсын»,– делінген министрліктің құжатында.

Сондай-ақ сайтты бұл туралы министрліктің бұйрығы да жарияланған. Бұған дейін Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынатыны хабарланды. Одан бөлек, мамандар аталған нысанның неліктен сүрілетінін түсіндірді.