Азық-түлік бағасын заңсыз өсіруге қатысты 749 факті анықталды

Азық-түлік бағасын заңсыз өсіруге қатысты 749 факті анықталды
elorda.info

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеру фактілері тіркелді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі фейсбук-парақшасында хабарлады.

«Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық — түлік өнімдеріне рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асып кету фактілері-749 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі: қант - 40% дейін, күнбағыс майы - 35% дейін, көкөністер-25%», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.