Энергетика министрлігі Петропавлдың жылу орталығындағы екінші апатқа қатысты түсінік берді

Энергетика министрлігі Петропавлдың жылу орталығындағы екінші апатқа қатысты түсінік берді

«26 наурызда сағат 21:30-да Петропавл ЖЭО-2-де қолайсыз температуралардың (-13 С) әсерінен ашық жылу контуры салдарынан импульстік түтіктердің қатып қалуына алып келді. Себеп 20 наурыздағы мұржаның құлауы және сыртқы температураның төмендеуі салдарынан цехтың қысымсыздануы», - делінген ресми мәліметте.

Хабарламада айтылғандай, апатты жағдайдан 3 қазандықтың жұмысы тоқтаған.

«Қазіргі уақытта импульстік түтіктер жылытылды, ЖЭО-2-де 3 қазандық жұмыс істеп тұр. 4-қазандықты іске қосу басталды, жақын арада 5-қазандық агрегаты жұмысқа қосылады. Сондай-ақ желідегі температура 45 С, кешке дейін температура режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр», - дейді министрліктен.

Еске сала кетсек, осыған дейін хабарлағанымыздай, Петропавлдағы жылу орталығында екінші рет апат болды.