Қазақстан көрші елдермен арадағы құрлық шекарасы шектеулерін алып тастайды

Қазақстан көрші елдермен арадағы құрлық шекарасы шектеулерін алып тастайды
Kaznews Agency

Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен арадағы құрлық шекарасы шектеулер алынады. Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады.
Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады.

Бірақ ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, вакцинация паспорттарын өзара тануы бар болған кезде шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжат/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатынын есте сақтау қажет.