Петропавлда өрт жиілеп кетті

Бұл қала шетіндегі Былғары зауыт кенті. Өрт шеттегі үйлерге дейін жақындап қалған. Қазір төтенше жағдайлар қызметкерлері жанып жатқан қамыстарды сөндіріп әлек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрғақ қамыс тез тұтанып, аспанды қою түтін басты. Жолдар жабылып, техникалар тартылды. Өртті сөндіруге құтқарушылармен бірге тұрғындар да бірі қалмай шықты. Бірақ бір үй жанып кетті. Жұмыстан ұшып келген тұрғындары көкке ұшқан күліне ғана куә болды.

Владимир Карташов, қала тұрғыны:

– Жанып жатқан үйден ит пен екі газ баллонын алып шығып үлгердім. Енді не істерімізді белмейміз?! Өзім жұмыста болғам. Үстімде таңертең киіп кеткен киімім ғана. Болды.

Өрт сөндірушілерге жан-жаққа тарауға тура келді. Шақырту көп. Қала іргесіндегі саяжайлар да отқа оранды. Бірнеше үй мен қора-қопсы жанып кетті. Тілсіз жау адам қолынан шыққан. Зейнеткер Виталий Шабанов қоқыс жағамын деп көршілерін түксіз қалдырды.

Виталий Шабанов, қала тұрғыны:

– Айналаны тазалап күл-қоқысты жаққан едім. Лезде тұтанып, лапылдап кетті. Бірден өрт сөндірушілерге хабар бердім. Кінәлімін.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері осылай шөп жаққан 30 адамға айыппұл салды. Қазір оларға дамыл жоқ. Өңірде күн жылына шақыртулар бірінен соң бірі түсіп жатыр. 

Дмитрий Растихин, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

– Бүгінгі күнге дейін 250 өрт болды. Жағдай өте қиын. Бәрі жанып жатыр. Құраған шөп, қамыстарды айтыпағанда, орман алқаптары да отқа оранды.

Өңірде өртке қарсы 30 мобильді топ құрылды. Қазір күн ыстық. Сондықтан құтқарушылар адамдардан бекерден-бекер шөп жақпауға шақырады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев