Шуда үстел теннисінен республикалық ашық турнир басталды

Шуда жасөспірімдер арасында үстел тенисінен Мұрат Бисеитовті еске алуға арналған республикалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа еліміздің әр аймағынан 15 команда келген. 300-ге тарта жас спортшы өзара сайыс көркін қыздырады. Мұрат Бисеитов саналы ғұмырын спортқа арнаған жан. Ол футболдан Қазақстан чемпионатына қатысып, Шу құрамасымен қола жүлдегер атанған еді.