Семейде ала жаздай ыстық су болмайды

Семейде ала жаздай ыстық су болмайды

Биыл Семей қаласының 300 мың тұрғыны жаз бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені 40 жыл бойы жөндеу көрмеген магистралдық және жылу желілері қазір 62%-ке тозып тұр. Енді мамандар ең апатты деген аумақты анықтау үшін гидравликалық сынақтар жүргізеді. Орталық қазандықтарды қайта жаңарту және тозған учаскелерді толық ауыстыруға 7 миллиардқа жуық қаржы жұмсалады. Қала тұрғындары қазандықтарды қайта қосып, енді электр энергиясы үшін кететін шығынды ойлап бас қатырып отыр.

Аржан Келменбетов, қалалық «ЖылуКоммунЭнерго» МКК директорының м.а:

– Семей қаласы бойынша 315 шақырым жылу және магистралдық желі бар. Біз үй құбырлары бойынша сараптама жүргізгеннен кейін гидравликалық жұмыстарды бастаймыз. Ал қаланы ыстық сумен жабдықтау жүйесіне шамамен тамыз айына қарай қосуды жоспарлап отырмыз.