Біртановтің ісі қайта сотқа түсті

Бұрынғы министр Біртановтың қылмыстық ісі қайта сотқа түсті. Елжан Біртанов пен бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауында болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Іле шала үстінен іс қозғалып Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр. Экс-министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген еді.