Шымкентте республикалық штаб мүшелері Сайрам тұрғын үй алабының халқымен кездесті

Агроөнеркәсіп саласының шаруалары, кәсіпкерлер мен медицина мамандары жиналған кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штаб өкілдері түзету енгізілетін заңдарға да рет-ретімен тоқталып, Ата Заңның халық пен билік арасын жақындатуға бағытталғанын атап өтті. Тұрғындардың ұсынысы мен пікірі ескерілетінін айтқан мамандар жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Тахирбек Нышанбаев, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі:

- Біздің Президентіміз айтып өтті: «Жаңа Қазақстан» құру үшін бізге өзгеріс керек. Қазір заман өзгеріп отыр. Жаңа технология шығып жатыр. Соған біздің адамдарға қажетті вопростарды қойды.