Петропавлда тағдыры ерекше жан арба құрастыруды қолға алды

Петропавлда тағдыры ерекше жан арба құрастыруды қолға алды

Петропавл қаласында екі аяғынан айырылған жігіт мүгедектер арбасын өзіне ыңғайлап қайта құрастырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рүстем Шариев оған велосипедтің жартысын жалғап, кәдімгі «Хэнбайкка» айналдырды. Қазір ол онымен қалаған жеріне емін-еркін барып келеді. «Тіпті күніне 30-40 шақырымға дейін жүретін кездерім болады», – дейді өнертапқыш. Рүстем осыдан 4 жыл бұрын жұмыста жарақат алып, екі аяғы мен қолынан айырылып қалған. Мүмкіндігі шектеулі жан енді осындай көлікті тағдырластарына да жинап беруді жоспарлап отыр.

Рүстем Шариев, қала тұрғыны:

Бұл денсаулығыма да жақсы. Бір жағынан спортпен шұғылданамын. Қазақстанда «Хэнбайк» шығарылмайды. Сондықтан мен шағын цех ашқым келеді. Қайта құрастырылған арбаларды арзан бағамен сатар едім.