Конституциялық өзгерістер елде саяси трансформация жүргізуге мүмкіндік береді

Стратегиялық зерттеулер институтының маманы Сіләмжар Ахметжаровтың айтуынша, референдум арқылы саяси жүйені демократияландыруға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен президенттің қолында шоғырланған билік азайып, Парламенттің рөлі күшейеді. Сарапшының пікірінше, халық бұл өзгерістерді айтарлықтай сезеді. Өйткені азаматтар депутаттарды сайлауға қатысады. Сондай-ақ реформалар жүзеге асса, ел тұрғындары Конституциялық сотқа жүгіне алады. Жергілікті атқарушы органдар да позицияларын нығайтады.

Сіләмжар Ахметжаров, ҚР Президенті жанындағы қсзи аға ғылыми қызметкері:

Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғанда, азаматтар жаңа саяси өзгерістерді талап ете бастайды. Соның арқасында демократиялық институттар дамиды. Өкінішке орай, 2000 жылдары заман талабына сай саяси реформалар жүргізілмеді. Бірақ дәл қазір мұндай өзгерістердің жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Сол арқылы саяси жүйені демократияландыру мүмкін болады.