Ақтөбеде болашақ ұшқыштар дауыс берді

Ақтөбеде болашақ ұшқыштар дауыс берді

Бүгін 300-ден астам болашақ ұшқыш алғаш рет саяси науқанға қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының кәмелет жасына толған курсанттары белсенді атсалысып жатыр. Ертемен оқу орнының жатақханасынан шыққан жастар №1 мектепте орналасқан дауыс беру учаскесіне бет алды. Жалпы бүгін білім ордасының 1 700-ден астам өкілі дауыс берді. Бекет Орынбасар биыл 2 курсты тәмәмдайды. Болашақ ұшқыш азаматтық міндетін орындауға алғаш рет келіп отыр.

Бекет Орынбасар, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты:

– Халық арасында өтетін сауалнама. Яғни біздің еліміз, Қазақстанға өте маңызды мәселелерді халықпен ақылдаса отыра шешу үшін келіп отымыз. Өзім тұрып жатқан елімде шешетін маңызды мәселелерге дауыс беріп, қатысу ол менің міндетім деп санаймын.