Атырауда ауыз су мәселесі шешімін тапты

Атырау қаласының іргесіндегі 7 елді мекен жаз бойы ауыз судан тарлық көретін. Бұл туралы бірнеше рет эфирде айтқан болатынбыз. Себебі, жазда маусымдық су құбыры болмағандықтан тұрғындар шаруашылыққа амал жоқ ауыз суды пайдаланатын. алдарынан көшенің басында бар су,  аяғына жетпей қалады. Биыл жергілікті билік «облыс су арнасы» мекемесімен бірлесіп, арнайы жоба жасақтады. Жайық өзеніне 2 жерден қосымша қуатты су сорғыларын орнатып, жаңадан су тазалау қондырғысына дейін 340 метрлік құбыр тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар 4 ауылға сыйымдылығы 600 текше метрлік  су қазанын орнатып жатыр. Қазір қала іргесіндегі  ауылдарға су жеткізілді. Осылайша 40 мыңға тарта тұрғыны бар 7 ауылдың ауыз су мәселесі шешімін таба бастады.

Жұмабек Қаражанов, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл жұмыстар осы айдың 10-11 жұлдызына дейін бітіріліп, тиісті жұмыстары атқарылғаннан кейін іске қосылатын болады. ++«Ақсай», «Ақсай-1», «Ақжар», «Ақжар-2», «Бесікті», «Аспа», «Талғайраң-2» елдімекендеріндегі су мәселесі шешілетін болады.++Қазіргі таңда бұл жұмыстарды аяқтап бітіргеннен кейін осы аталған елдімекендлердегі судың тапшылығы азаятын болады.