Субұрқақтар, сахна, шатырлар: елорданың қалалық алаңы қалай өзгерді

Елорданың қалалық алаңы түбегейлі өзгерді және тұрғындар бос уақыттарын жайлы өткізетін тағы бір тартымды орынға айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Бетон блоктары мен бос жатқан аумақтың орнына қоғамдық кеңістік абаттандырылды: субұрқақтар, сахна, қалқалар орнатылды, демалуға арналған орындар құрылды, ағаштар отырғызылды. Мысалы, тұманды булануы бар тостаған түріндегі субұрқақтар, арка тәрізді субұрқақ орнатылды, жақында шар тәрізді құрғақ субұрқақ пайда болады.

Қалалық алаң оң жағалауда орналасқан (Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі) және бірыңғай серуендеу маршруты болып табылады. Жаңа қоғамдық кеңістік «Театральный» жаяу жүргіншілер желекжолы («Жастар» сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейін) Мәмбетов көшесіндегі Demalys Promenade жаяу жүргіншілер желекжолы мен арбатты жалғап, қаланың тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті байланыстырады.

Абаттандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан-жайлы қала»  мастер - жоспары аясында жүргізілуде. Биыл елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады. Тек соңғы жылдары 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.