Әйелдерді қорғау 90 күнге дейін ұзартылуы қажет – заңгер

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау нұсқамасының мерзімін 30-дан 90 күнге дейін ұзарту ұсынылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құқық қорғаушылардың пікірінше, әйелдерді агрессорлардан қорғауға бір ай жеткіліксіз. Өйткені жыл басынан бері бір ғана елорданың өзінде 3800-ге жуық қорғау нұсқамасы берілген. Бұл отбасы жанжалы әлі күнге көп екеніне дәлел, – дейді мамандар.

Екатерина Кавлис, құқық қорғаушы:

Агрессорға қатысты қорғаныс бұйрығы 30 күнге беріледі. Осы уақытта ол жәбірленушіге жақындай алмайды. Онымен байланысуына да тыйым салынады. Яғни әйел 30 күн бойы қорғалады, ал мерзімі аяқталғаннан кейін отбасына қайта оралады. Бірақ біз бұл шектеу мерзімі аз деп санаймыз. Шет елдердегідей ең кемі 90 күнге дейін ұзарту қажет.