Ақтау жағажайы қоқыстан тазартылып жатыр 

Жұмысшылар бригадасы таңғы 7-ден кеш батқанша «Приморский» елді мекені мен «Самал» шағын ауданына дейін жағалаудағы тұрмыстық қалдықтар мен балдырды жинайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бос бөтелкелер мен тағам қалдықтары шашылған жағажайдың бейнетүсірілімі әлеуметтік желіге тараған еді. Жауапты мамандар санитарлық тазалық жұмыстары шомылу маусымы аяқталғанша жүргізілетінін айтты.   

Әнуар Туляков, «Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі» ММ басшысының м.а.:

– 37 адам күнделікті тазалау жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Теңіз жағалауында балдырларды жинау толығымен атқарылып жатыр. Қазір 4а шағын ауданнан бастап «Самал» 15 шағын ауданға дейін 5 мың шаршы метр бар. Оның 300 шаршы метрінде қазіргі таңда тазалау жұмыстары жүріп, полигонға апарылып жатыр.