Елде шегірткемен күреске 2,5 млрд теңге бөлінді

Елде шегірткемен күреске 2,5 млрд теңге бөлінді

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс осылай дейді. Ол зиянкестермен күрес қарқынды жүріп жатқанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл үйірлі шегірткелер 997 мың гектар жерге тарап үлгерген. Оның арасында итальяндық прус, азиялық және марокколық шегірткелер бар.

Алмабек Марс, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

- Жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,5 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды.