«Арселлормиттал» зауыттағы техниканы жаңғыртуға 190 млрд теңге бөледі

Биыл «Арселлормиттал» компаниясы зауыттағы техниканы жаңғыртуға 190 млрд теңге бөледі. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 60 жыл бұрын салынған кәсіпорындағы құрал-жабдықтар тозығына жетті. Сол себепті өңір басшылығы алпауыт компанияға оларды ауыстыруды талап етті.

Естеріңізге салайық, шамамен 2 апта  бұрын зауыт ғимараттарының бірінде 4 жұмысшы көз жұмып, біреуі жарақат алған. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

- Былтыр ТЖМ Қарағанды облысы бойынша департаменті мекемені тексеріп, жалпы, осы ғимарат бойынша өзінің қағаздарын берген. Сол қағаздарға сәйкес жұмыстарды орындауға болмайды. Тек қана жөндеу жұмыстары. Болған жағдай жөндеу жұмыстары кезінде болған жағдай. Бірақ департамент көптеген сұрақ Арселлорға бар. Тергеу жүріп жатыр. Полиция екі адамды ұстады. Олар жоғары лауазымды азаматтар.