Отандық ғалымдар мұнай соратын құрал жасап шығарды

Отандық ғалымдар мұнай соратын құрал жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар мұнай шығарудың жаңа тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай соратын құрылғының құрылымы өте қарапайым. Дегенмен ғалымдар оны жасауға үш жылға жуық уақыт жұмсаған. Қазір тәжірибеден өткізіп жатыр. Жаңа қондырғы еңбек өнімділігін арттырумен қатар шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы зерттеу жұмыстарына 60 млн теңге бөлінген. Мұны мұнай және газ өнеркәсібіне ғана емес, ауыл шаруашылық саласында кеңінен пайдалануға болады. Әсіресе су шаруашылығында таптырмас құрал. «Себебі суды тереңнен оңай шығарады», – дейді өнертапқыштар.

Амандық Төлешов, «Машинатану және механика» ҒЗИ бас директоры:

– Бұл жерде екі ұтыс болады. Біріншіден, материалдық жағынан қатты ұтамыз. Мәселен, ана насосқа қарағанда массасын екі есе жеңілдеттік. Энергетикалық тиімділігі жағынан 15-20 процентке дейін тиімді болмақшы. Насостарды мұнай өндіріс орындарында басқа жақтан сатып алады. Одан кейін оның жөндеуі бар, басқасы бар. Оның бағасы бұдан 10-20 есе қымбат 7 млнға қарағанда.