Полимер битумды қолдану еліміздегі тас жол сапасын жақсартады

Полимер битумды қолдану еліміздегі тас жол сапасын жақсартады

Отандық жол құрылысында полимер битумды қолдану көрсеткіші 20 процентке жетеді.

Бұл туралы Жол активтері орталығының өкілдері хабарлады.

Мамандардың айтуынша, мұндай шешім тас жолдың сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Оның төзімділігі 2 есеге артатындықтан, жөндеу жұмыстары 12 жылда бір рет жүргізіледі. Ал қолданыстағы жолдар шамамен 5-6 жылдан кейін ескіреді. Сапалы материалдың бағасы да арзан емес. Ол кәдімгі битумнан шамамен 100 мың теңгеге қымбат. Бірақ қазақстандық зауыттар оны шығаруға қауқарлы екен.

Айта кетерлігі,  қазір Алматыдағы үлкен айналма жол полимер битумнан салынып жатыр. Қостанай - Денисовка тас жолының құрылысында да осы материал қолданылады. Бірақ республика бойынша алып қарағанда полимер битумды қолдану деңгейі 1 процентке де жетпейді. Салыстыратын болсақ, Ресейде бұл көрсеткіш 10, ал Еуропада 30 процентті құрайды.

Дархан Сайлауов, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК департамент басшысы:

- Битум асфальтобетон қоспасының негізгі құрамасы болып келеді. Ол 5 процент болғандықтан бүкіл асфальтобетон жабындысының қанша өмір сүреді, уақытқа төзімділігі, транспортный нагрузкаларға төзімділігіне тікелей әсер ететін компонент болып табылады. Полимер битум әлемде көп қолданылып келе жатыр. Біздің 0,7 процентті құрайды біздің проекттерде көзделген.