Елордадағы арнайы экономикалық аймақта 5908 жұмыс орны бар

Бүгінгі күні елордада екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Астана - жаңа қала» және «Астана-Технополис». Аталған қос аумақтың ауқымын кеңейту – «Astana Invest» үшін жаңа бағыт. Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы отандық және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын кешенді түрде жалғастыра бермек.

Дияр Асқаров, «Astana invest» ЖШС АЭА дамыту жөніндегі директоры:

- 42 млрд тг сомасына 46 жоба жүзеге асырылуда. Барлық кезеңде салынған инвестициялар көлемі 207 млрд тг. Ал 2022 жылдың 1 тоқсанында 3,5 млрд тг құрады. Барлық кезеңдегі салық аударымының көлемі 136 млрд тг, осы жылдың 1 тоқсанында 7,1 млрд тг құрады.

Жалпы «Астана – жаңа қала» құрудың мақсаты – бас шаһардың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын жеделдетіп салу, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту, -дейді Дияр Асқаров.

Дияр Асқаров, «Astana invest» ЖШС АЭА дамыту жөніндегі директоры:

- 33 басым іс-шараны қамтиды. Мысал ретінде тамақ өндірісі, фармацевтикалық препараттар, шыны және өзге де металл емес өнімдер, түрлі металл бұйымдар, денсаулық сақтау саласындағы қызмет және т.б.

«Астана-Технополис» жұмысына инвестицияларды тарту, қолда бар және сырттан әкелінген озық технологияларды пайдалану, пайдаға жарату міндеті кіреді. Жоғарыда аталған арнайы экономикалық аймақ базасында NURIS инновациялық кластерінің технопаркі орналасқан. Бұл 4 мың шаршы метр пайдалы алаңы бар кеңселік және зертханалық кешен.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев