Қорғалжында шабындық жерлерге байланысты мәселе тыйылмай тұр

Қорғалжында шабындық жерлерге байланысты мәселе тыйылмай тұр

Аудандағы 8 ауылдық округтің барлығында мал азығы мәселеге айналған. Себебі жергілікті тұрғындар мен шүйген жерлердің иелері көкті бөлісе алмай келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түйіткілдің түйінін тарқату үшін кәсіпкерлер мен ауылдықтардың арасында жыл басынан бері 30 меморандумға қол қойылды. 400-дей ғана тұрғыны бар Көкбидайық ауылында ауылшаруашылыққа бағытталған 52 мың гектар жер 18 кәсіпкерге жалға берілген. Ал ауылдағы төрт-түлікке шамамен 2 мың гектар шабындық жер керек дейді тұрғындар. Меморандум бойынша кәсіпкер 700 гектар жерді ауыл тұрғындарына беретін болды. Келісімнің күші бір жылға жарамды.

Нұрсұлтан Әлімжанов, Қорғалжын ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы:

– Оның алдында 400 гектармен шешілген мәселе, биыл 700 гектар береміз деп жатыр, ендігі жылға дейін, Алла жазса, бұл мәселені шешеміз деп ойлап отырмыз. Енді біздің айтып жатқан талабымыз – елді мекенге 700 мың болсын гектарды қосып беру. Тұрақты түрде.

Нұржан Баймұратов, Кеңбидайық ауылдық округінің тұрғыны:

– Біз 20 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе – жер мәселесі болатын. Жердің 700 гектар жерін бөліп алдық. Бірақ бұл бір жылдық ғана мәселені шешеді. Мәселе түбегейлі шешілген жоқ. Бір жылдық мал азығын ғана шештік. Талап жерді, пайды қайтарып беру.