Түркістан облысында ТМД-да баламасы жоқ бу-газ станциясы салынады

Түркістан облысында ТМД-да баламасы жоқ бу-газ станциясы салынады

Түркістан облысының Төле би ауданында ТМД елдерінде баламасы жоқ энергия өндіретін бу-газ станциясы салынады.

Ауқымды жоба жүзеге асса, облысқа қажетті 320 МВт бөлек үш есе артық электр энергиясы өндіріледі. Осы арқылы өңір энергия тапшылығынан құтылады және өзге аймақтарды да қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Жобаны жүзеге асыруға 722,8 миллиард теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Станция құрылысы 2024-2026 жылдары аралғында жүргізіледі. Құрылыс кезінде екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса, қондырғы іске қосылған соң 200-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылады. 

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Көбінесе облыста кіші және шағын бизнес, зауыттар дамымай жатыр. Үлкен кәсіпорындар дамымай жатыр. Оның бәрі электр энергияға байланысты. Міне соны шешу үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен іске асқалы жатыр. 

Сәкен Әбдәлиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Бұл газбен суды қыздырады. Бумен турбинаны айналдырғаннан кейін ток шығарады. Ток шығару көлемі 1000 МВт дейін.