Оңтүстік Кореяның білікті дәрігерлері Жетісу облысының тұрғындарын тегін қабылдап жатыр

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы мен Чунан университеті арасында  ек жақты меморандум бар. Дәрігерлер 2018 жылдан бері  үшінші рет келіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия кезінде үзіліп қалған байланыс қайта жанданды. Ортопед, хирург, травмотолог, нейрохирург сынды мамандар науқастарды қабылдап, тиісті емін жасап жатыр. Оларға көмекші әрі аудармашы ретінде жиырмадан аса волонтер жұмылдырылған. Шетелдіктер төрт күн бойы консультациялық кеңес беріп, бірнеше  операцияға қатысады. Онан кейін біздің  дәрігерлер Оңтүстік Кореяға барып тәжірбие алмасады.

Ким Бу Соп, «Хёндэ» клиникасының директоры:

– 1937 жылы Қазақстанға кәріс ұлтының өкілдері күштеп қоныстандырылды. Оларға қазақ халқы көп көмек көрсетті. Сол жақсылық пен қамқорлықтың өтемі ретінде біз осындай волонтерлік көмек көрсетіп жатырмыз.

Жұмахан  Молдақұлов, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының директоры:

– Төрт күннің ішінде 30 шақты операция жүреді. Біздің өзіміздің жеріміздегі тегін медциналық көмек жоғары дәрежедегі Корея дәрігерлерімен бірге біздің дәрігерлер өткізеді. Бұл үлкен қадам деп есепеймін.