Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 65-орынға жайғасты

Еліміз өз көрсеткішін 15 позицияға жақсартып, Словакия, Польша, Чехия сынды мемлекеттерден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, орталық Азия өңірінде біз 4-орында тұрмыз. Халықаралық сарапшылардың есебіне сәйкес Қазақстан орташа өмір сүру ұзақтығы, кәсіптік білімнің қолжетімділігі және жалақы теңдігі бойынша айтарлықтай басым түсті. Әзірге ерлер мен әйелдердің еңбекақысы арасындағы айырмашылық тек өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында ғана байқалады.

Сондай-ақ рейтингті әзірлеушілер бір жұмысты орындағаны үшін төленетін жалақы көлемі бойынша Қазақстанды 46-орынға орналастырған. Ал біліктілігі жоғары және орташа қызқметкерлер арасында гендерлік теңдік толық сақталған.

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

Әлем бойынша

Қазақстан - 65-орын

Орталық Азияда

Қазақстан - 4-орын

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ТЕҢДІК

Бір жұмыс үшін өлшемі - 46 орын

Жұмыс күшіне қатысу деңгейі - 51 орын

Біліктілігі орташа қызметкерлер - 1-орын