Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Білім беру ордасының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Әу баста жаңа нысан биыл 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда құрылыс жұмыстары тұралап қалды. Бұл жобаға республикалық және облыстық бюджеттен миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Сол арқылы ескі мектептің жүктемесі азаяды деп күтілді. Бірақ бұл оқу жылы да балалар бірнеше ауысыммен білім алуға мәжбүр. Бүгін «Аманат» партиясының сайлауалды науқаны кезінде ұсынған бағдарламасын орындау мақсатында депутаттар құрылыс нысанының қазіргі жағдайымен танысты.

Мәди Елубаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Жоспар бойынша 1 қыркүйекте тапсыру керек еді бұл мектепті. Әр түрлі жағдайларға байланысты осы жылдың соңына дейін тапсыруға мердігер сөз беріп жатыр. Бұл құрылысты әрқашан да қадағалап жатырмыз.