Жеңілдетілген автонесие: қосымша қаражат бөліне ме?

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын ұзартуға және оны қосымша қаржыландыруға барынша мүмкіндік жасалады. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, «Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері» операторындағы 220 миллиард теңгенің 100 миллиарды жеңілдетілген автонесиелеуге жұмсалған. Соның арқасында 12 мыңнан аса адам темір тұлпарын жаңалап алды. Алайда төмендетілген пайызбен көлік алғысы келетіндердің әлі де қарасы көп.