Жамбылдықтар Қостанай облысына арнап жылу жинауда

Жамбылдықтар Қостанай облысына арнап жылу жинауда

Жамбылдықтар да алыстағы ағайынға қолдау білдіруде. 

Аманат партиясы жанынан ашылған пункттер екі күннен бері азық-түлік пен киім-кешек қабылдауда. Мекеме ұжымдары мен қарапайым халық ағылып келіп жатыр. Әркім қолынан келгенше көмек беруге асығуда. Облыс әкімдігі 10 тонна азық-түлік пен қант жіберетін болды. Сәрсенбі күні құрылыс материлдарын жөнелтеді. Аталған шараға этномәдени бірлестік өкілдері де белсенді атсалысып жатыр. Өзбек қауымдастығы бір баспана салып беруді мойнына алды. Ал түрік бірлестігі 40 отбасыға азық-түлік себетін даярлап қойды. Бұдан бөлек ақшалай көмек болады. 

Ибрахим  Зуфаров, Түрік этномәдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы:

- 300 мың теңге ақша, 200 теңгелік азық-түлік ол жерден де жібердік. Бүгінгі күнде біз оларға жәрдем жасамасақ, қашан жасаймыз. Соның өзі біз үшін өте міндетті депойлаймын. Барлық граждандар, Қазақстан азаматтарының барлығы да солай деп ойлайды деген ойдамын.