Нұртілеу Иманғалиұлының көшпелі көрмесі Атырауда

«Бай қуатты болайық!». Күллі қазақтың бақуатты өмір сүруіне тілекші болып өткен қазақ журналистикасының абызы, белгілі қаламгер Нұртілеу Иманғалиұлының көшпелі көрмесі Атырауға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының екі мәрте иегері, Қазақ ұлттық Өнер академиясының құрметті профессоры, «Алтын жұлдыз» тағы да басқа көптеген марапат иесі марқұм Нұртілеу Иманғалидың өмірі кейінгі жас буынға үлгі екені анық. Жарты ғасырға жуық ғұмырын қазақ телевизиясының дамуына арнаған азаматтың өзі тұтынған кітаптары, фото камералары мен басқа да атқарған еңбектерінің жиынтығынан тұратын жәдігерлерді атыраулықтар жылы қабылдады. Көрменің ашылуына облыстың зиялылары мен ардагерлер, студенттер қатысты. Көрме қыркүйек айының аяғына дейін болады.

Қарлығаш Советбекқызы, Н.Иманғалиұлының жұбайы, шараны ұйымдастырушы:

– Мақсаты бұл көрменің артынан ерген жас журналистерге үлгі болсын, Нұртілеу тұтынған әрбір затты көрсе, естеріне түсе ме деген мақсатта, бұл енді өмірінен шығармашылғынан қолжазбаларынан 200-ге тарта экспонаттар қойылған. Осы Атырау өңірінің адамдары келіп, танысуына болады.