Азық-түлік бағасын тұрақты ету шаралары тиісті деңгейде жүзеге аспады

Елімізде азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары тиісті деңгейде жүзеге аспай тұр.

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бірқатар кемшіліктерге жол берген. Бұл туралы Премьер-Министр кеңес кезінде айтты.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, елімізде өнім көлемі бар. Өндірушілер келісім-шарт жасауға дайын. Бірақ 26,3 млрд теңге игерілмей, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың шоттарында жатқан көрінеді. Бұған дейін айтылған «Айналым схемасын» қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту шараларын 10 өңір әлі орындамаған. Ортада жүрген артық делдалдарды анықтау жұмыстары назардан тыс қалған. Соның салдарынан баға өсіп барады. Қазір Үкімет азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және жанар-жағармаймен қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін әзірледі.