Қарағанды облысында 1 мың гектар жер өртенді

Қарағанды облысында 1 мың гектар жер өртенді

Қарағанды облысының Шопа елді мекені маңында тұтанған өрттің көлемі 1 мың гектардан асты.

Бұдан өзге Қызылтау ауылының маңында қызыл жалын 300 гектардан астам жерді шарпыды. Жалпы облыс бойынша кешеден бері 17 табиғи өрт тіркеліп, оның 9-ы өшірілді. Тағы 8-і өрт ошағын мамандар сөндіріп жатыр. Тілсіз жауды өшіруге 360 адам мен 80-нен астам техника тартылған. Аталған жұмыстарды жүргізуге жоғары ауа температурасы мен жел екпінінің күшейгені кедергі келтіріп отыр.