Елордалықтар өрттен зардап шеккен аймаққа көмек жөнелтті

Елордалықтар өрттен зардап шеккен аймаққа көмек жөнелтті

Елордалықтар қостанайлықтарға көмек жіберуді жалғастырып жатыр.

Бүгін бас қаладан солтүстік өңірге 15 млн теңгенің азық-түлігі мен төсекорын жабдықтары жөнелтілді. Бұл жолғы көмекке Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елордадағы этномәдени бірлестіктер мұрындық болып отыр. Жиналған жылудың көлемі 40 тонна. Десе де, "Өрт салдарынан зардап шеккен қостанайлықтар үшін қазір азық-түлікке қарағанда қираған үйлерді қалыпқа келтіру үшін құрылыс материалдары маңыздырақ болып тұр", - дейді игі істің басында жүргендер. 

Дәурен Бабамұратов, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Барлығына осы мәселені жеткізіп айтып жатырмыз. Қазіргі таңда қостанайлықтарға ең қажеттісі құрылыс материалдары, мүмкіндік болса ақшалай көмекті қорларға аудару керек дегенді айтып жатырмыз. Бірақта халықтың ниеті ғой, алып келген көмекке жоқ деп айтып жатқан жоқпыз.