Алматыда 15 мың ит пен мысық чип тағады

Электронды сәйкестендіру, яғни жануар терісі астына салынатын микрочипте 15 таңбалы бірегей нөмір болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара жануарлар санын есепке алуға және қаңғыбас ит-мысықтар мәселесін шешуге бағытталған. Бұл жөнінде қалалық Ветеринарлық қызмет басшылығы мәлімдеді. Мегаполистің кез келген тұрғыны өзінің жануарына өтінім беру арқылы чип салғыза алады. Сонымен қатар қалада қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары да жүргізіледі. Ол үшін қалада  6 кезекші бригада  жұмыс істейді. Бұл іске қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар да атсалыса алады.