Дэвис кубогы: ұлттық құраманың дайындығы

5 мыңға жуық қатысушы. Биылғы Шымкент марафонына осынша адам жиналды және ол өзіндік рекорд саналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады. Ең ұзағы - 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды. Өзбекстан өкілі аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті. Бұдан бөлек, 5, 10 және 21 шақырымдық жарыстар ұйымадстырылып, жеңімпаздарына бағалы сыйлақтар табысталды. Соның қатар биыл бағдарламаға скандинавиялық жүріс және экиден сынды бағыттарды да қосқан. Шымкент марафонына қатысқандар арасында 6 жастағы баладан бастап, 76 жастағы қарияға дейін бар. Сондықтан, оны жарыс дегеннен гөрі спорттық мереке деген дұрыс дейді қала тұрғындары.  Ал, ұйымдастырушы тарап шараны алдағы жылдары да тұрақты өткізуді жоспарлап отыр және оның форматы мен ауқымын кеңейту мақсатында тағы бірқатар жаңашылдықта қолға алмақ.

ТАРАЗДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

Ақ халатты абзал жандар спатакиадасы. Біздің елде осындай да жарыс бар. Медицина саласының мамандары алдымен өз аймақтарындағы іріктеуге қатысып, кейін үздіктері респуликалық бәсекеге жолдама алады. Биыл оны Тараз қаласы қабылдады. Оған еліміздің түкпір-түкіпірінен жүзге жуық адам жиналды. Олар футбол, волейбол сияқты командалық және үстел теннисі, бильяр, жүзу сияқты жекелей сындарда бақ сынады. 4 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша  жалпы есепте 118 ұпаймен Түркістан облысының құрамасы топ жарды. Екінші орында жергілікті команда болса, үздік үштікті Шымкенттен келген  әуесқой спортшылар түйіндеді.

ДЭВИС КУБОГЫ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ

Жарыстар кейінге шегерілмейді. Бірер күнннен кейін Шотландияның Глазго қаласында теннистен халықаралық Дэвис Кубогы өтеді. Байрақты бәсекеге қатысатындар арасында біздің жігітер де бар. Бірақ, қазір  онда ІІ Елизавета патшайымның қазасына байланысты 10 тәуліктік қаралы күн жарияланды. Негізі аталған аралықта сауықтық және спорттық шаралар ұйымдастырылмауы қажет. Алайда, жергілікті үкімет қалыптасқан жағдайды ескере отырып, әр федерация өзі шешім қабылдасын деген тоқтамға келді. Сәйкесінше, Дэвис Кубогы жоспарға сәйкес 13-ші қыркүйекте басталады. Қазақстан қармасы оның аясында Ұлыбритания, Нижерланды және АҚШ құрамаларымен жолығады. Қазір Юрий Щукин бастаған жігіттер жарыс өтетін қалаға жетіп, соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Халықаралық жарыс 19 қыркүйекке дейн жалғасады.

Юрий Щукин, теннистен ұлттық құраманың капитаны:

- Қарсыластар шетінен мықты. Олвардың сатында әлемнің ең үздік теннисшілері бар. Бұған дейін Нидерланды және Ұлбыритания жігіттерімен жолықтық. Ал, АҚШ-пен алғаш ойнайын деп тұрмыз. Әр мачта барымызды салып, ширек финал жоламасын жеңіп алуға тырысамыз.