Кезектен тыс президент сайлауы: халық пікірі

Осы күзде елде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қатысты қазақстандықтардың өз айтары бар, тыңдап көрелік.

Бізге ұнап тұр ол. Жаңа кадр, жаңа маман, жаңа өзгерістер керек бізге. Дұрыс.

Президент емес, Парламент дегенді дамыту керек, күшейту керек. Енді сол дұрыс.

Президент айтты ғой 7 жылға сайлану керек деп. Енді халық қолдап жатыр ғой.

Жеті жылдық болғанын мен толықтай келісемін. Толықтай сенімдімін солай дұрыс болатындығына.

Мәселе меніңше, 5 жыл 7 жылда емес, мәселе шынымен демократиялық жолмен, көзбояушылық жоқ, халықтың дауысымен шығып жатқан болса, 10 жыл болса да мейлі шығар деймін.