Шығыс Қазақстанда құс еті қымбаттады

Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, тауық етінің бағасы бір жыл ішінде 30 пайызға өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әрине тұрғындардың қалтасын қағады. Жалпы тауық еті әлеуметтік маңызға ие тауарлар тізімінде тұрғанмен бағаны реттеу қиынға соғып тұр. Пайдасы мен арзандығына орай құс етін көп тұтынатындар енді тиынын санай бастаған. Өйткені тауық еті мал етімен шамалас болып қалды. 1400 теңгеден басталып, сүбе еті 2100 теңгеге дейін жетеді. Яғни аз маз қоссаңыз сиыр  етін де сатып алуға болады.

Арайлым Мырзақанова, сатушы:

19 тауық бағасы 30 процентке көтерліп кетті, жаз бойы 3 рет көтерілді баға.

Бағаның өсуінен болар қазір бұл жерде қаптаған кезек жоқ.Тұтас құс етінің құнына осы қыркүйек айында  ғана 200-300 теңге қосылыпты.

Құс фабрикалары болса бүгінгі жағдайда баға саясатын тұрақтандыру қиынға соғатынын айтады. Жем бір жыл ішінде 3 рет қымбаттаған. Импортқа тәуелділік те баға өсіміне ықпалын тигізіп тұр екен. Құс өсірушілер ішкі нарықтағы сұраныстың 65 процентін жабады. Ал 168 тонна ет шеттен кіргізіледі. 

Жергілікті әкімдік болса, бүгінгі инфляция сипатымен алғанда тауық етінің бағасы сонша өскен жоқ деп санайды.Тапшылық та байқалмайды.

Гасан Тұрғанбаев, Өскемен қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық  бөлімінің басшысы:

– Бір ай көлемінде қарасаңыз, тауық етінің бағасы 6 процентке ғана көтерілген, себебі ең бастысы коммуналдық төлемдер мен жанармай және логистикаға байланысты.

Жалпы салалық министрлік мәліметіне сай енді 3 жылдан соң құс еті бойынша импортқа тәуелділік азаяды. Елімізде 5 бірдей құс фабрикасы салынбақ.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...