Қазақстанда 22,5 мың РФ азаматы жұмыс істеп жүр

Қазіргі таңда елімізде 22 жарым мың ресейлік азамат еңбек етуде, оның 8 мыңы биыл жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл – зейнетақы аударымы бар, ресми жұмыскерлердің саны. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова: «Қазақстанға келген Ресей азаматтарының 72% қызмет көрсету саласында, 16% өнеркәсіпте және 9% құрылыс саласында жұмысқа орналасқан», – деді. Министр: «Ресейліктердің келуінен қазақстандықтар арасында жұмыссыздық артты деуге негіз жоқ», – дейді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Негізгі мамандықтар – клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, бухгалтерлер, сатушылар, көлік жүргізушілері. Сондықтан да бірден олар келді де, жұмыссыздар көбейіп кетті деуге болмайды.