ШҚО-да заңсыз жұмыс істейтін тасымалдаушылармен күрес басталды

Бүгінде өңірдің көлік инспекторлары маршруттық таксилер мен шағын автобустардың оннан аса тұрағын анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Әдетте олар жолаушыларды сақтандыру құжатсынсыз қызмет көрсетіп, күнделікті төлемдер мен салықтан жалтарады. Сарапшылардың айтуынша, осындай автотасымалдаушылардың 60% «көлеңкелі» бизнеске жатады. Ал республика бойынша 70 мыңға жуық автобус солай жүреді. Осыған байланысты көлік басқармасының мамандарынан құрылған жұмыс тобы кем дегенде жергілікті деңгейдегі жеке тасымалдаушылардың қызметін заңдастыруды көздеп отыр. Бұл ретте мамандар автопарк жүргізушілерін де қырағылыққа шақырады. Олардан жол қозғалысы ережесін бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауды сұрайды.

Николай Ротань, автопарк жүргізушісі:

- Мен сағатына 90-95 шақырым жылдамдықпен жүрсем, олар 100 -150 шақырымға дейін апарады. Жол көлік оқиғалары да көп. Жолда жылқыларды қағып кетеді.

Айжан Рақымбаева, ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз бұл туралы көлік бақылау инспекциясына, прокуратураға бірнеше рет шағымдандық. Қазір олармен бірге жұмыс тобы құрылды. Енді тұрақтарына барып тексеріс жүргіземіз.