Алматы облысында Кенесары ханның сенімді серігі болған Әділбек Балпанқұлұлына ескерткіш орнатылды

Биыл Кенесары ханның сенімді серігі болған Әділбек Балпанқұлұлының туғанына 220 жыл. Осыған орай Алматы облысының Балқаш ауданында ескерткіш ашылды, деп хабарлайды«Хабар 24».

Көзі тірісінде батырдың өзі ол жерге найзасын шаншып, келелі кеңес құрған екен. Тарихи орын ел аузында «Найза-қызыл» деп аталып кеткен. Ел азаттығы үшін күрескен бахадүр 1802-1897 жылдар аралығында өмір сүрген. Шараға жиналғандар бабаның ерлігі жайында сөз қозғап тарихтан сыр шертті. 

Марат Бейсенбеков, аудан тұрғыны:

- Кенесары өзінің алда жүретін батырларына ат берген. Мықты ұшқыр аттарды берген. Содан бір күрең сол кісіге тиіп, дөненінде мініп бәйгеге қосып өтті. Бұл енді жалпы қазақтың тарихы ғой. Ұрпақтардың есінде қалсын деп ел аузындағы әңгімелерді жинап  кітап шығарып бастық, содан мына тасты қойдық.