Атырау облысында әлеуметтік жоба аясында жаңа нысандар ашылды

Атырау облысында әлеуметтік жоба аясында жаңа нысандар ашылды

Атырау облысының Жылыой ауданында «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік бағдарламасының қолдауымен жаңа нысандар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өз ауылының көркеюіне үлес қосқан белсенді тұрғындар қаржы жинап, спорт және ойын алаңдарын салды. Жылыой ауданының Тұрғызба және Қосшағыл ауылдарында «Дала вор-каут» спорт алаңы, «Қуаныш» балалар ойын алаңы ашылды. Ауыл өнерпаздары өнер көрсететін сахналар да жөнделген. Ал Ақкиізтоғай ауылында «Жарық көше» жобасымен көшелер жарықтандырылыпты. Қоғамдық кеңістік бағдарламасы – тұрғындарға өзекті мәселелерін анықтап, оны бірлесе шешуге көмектесіп жүрген бірыңғай жоба.