Ақтөбеде өрт сөндіру техникасының шеруі өтті

Ақтөбе көшелерін, өрт сөндіру техникаcы аралады. Қаладағы бір бөлімшенің 19 арнайы көлігі облыс орталығынан өзге шаһар сыртындағы айналма жолмен де жүріп өтті.

Бұл құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырылған шеру. Биыл еліміздің төтенше жағдай қызметінің құрылғанына 27 жыл. Ал салада еңбек ететін әрбір қызметкердің жұмысы елеулі. Тек осы өңірде биыл 9 айда 414 жалын шарпу дерегі тіркелді. Салдарынан 6 адам қайтыс болды. Дегенмен, оқыс оқиғалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен. Әрі осы уақыт аралығында 730-дан астам адам құтқарылды. Облыста  арнайы техника  жеткілікті. 

Нұрлыбек Жалмағамбетов,  өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы: 

- Техникалық-материалдық жабдықталуы былтырғы жылы 23 өрт сөндіру автокөлігі лизинг арқылы алынды. Сонымен қатар, төтенше жағдай министрлігінен де қолдау көрсетілуде. Жалпы облыс бойынша барлық аудан, қала жабдықталып толықтырылуда.