Елімізде шекара қызметінің құрамы жас сарбаздармен толықты

Елімізде шекара қызметінің құрамы жас сарбаздармен толықты

Маңғыстау облысында шекара қызметінің жеке құрамы 90-ға тарта жас сарбазбен толықты.

Олар Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарынан әскерге шақыртылған. Жауынгерлер  ант берді.  Енді шекаралық бақылау бекеттері мен шекара флотында Отан алдындағы борышын өтейді. Сарбаздар тұрғылықты мекенжайы бойынша, қорғаныс істері департаментінде жан-жақты медициналық тексеруден өткен.

Динара Ходжағұлова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Ұлымызды бір ай бойы көрген жоқпыз. Осы аралықта есейіп, өзгергенін байқап тұрмыз. Шекарада әскери қызметін өтеуі біз үшін мақтаныш. Әскери бөлім командирлерімен танысып жатырмыз. Әр азаматтың еліне абыроймен оралуына тілектеспіз.