Астанада 60 отбасыға қайырымдылық көмек таратылды

Астанада 60 отбасыға қайырымдылық көмек таратылды

Астанадағы 60 отбасыға азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасы Республика күніне орай ұйымдастырылған. Қазақстан халқы ассамблеясының елордадағы өкілдері аз қамтылған, көп балалы  және ерекше қажеттіліктері бар отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға кішігірім азық-түлік себеттерін тапсырды.

Нүркен Әбдіғали, Астана қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім мекемесі басшысының орынбасары:

- "Жанашыр жүрек" республикалық қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп жатыр. Бүгінгі күнде Ассамблея құрамындағы елордалық  этнокультурный центрлардың өкілдері. өздерінің спонсорлығын жасап, осы елордамыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек қолын созуда. бұл жерде бүгін 60-қа жуық отбасы көмек алады.