Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған конференция өтті

Атырауда «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Екі жыл бұрын ел президенті XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Осы 2 жылда саяси репрессияның тарихи шындығын ашуды мақсат еткен орасан зор ізденіс жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік және өңірлік комиссиялар құрылды. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы жұмыстар  ғылыми негіздемеге сай жүргізіліп жатыр. Конференцияда  атқарылған жұмыстар нәтижесі сараланып, ұсыныстар ортаға салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының атылған жылдары белгілі болғанымен қайда жерленгені жайлы ақпарат жоқ. Енді биылдан бастап, ату жазасына кесілген азаматтардың жерленген қорымдарының сыры ашылу үстінде,- дейді комиссия мүшелері.

Шахман Нагимов, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшесі:

- Атырау қаласының өзінде және айналасында орналасқан атылған адамдардың қорымдарын іздеп тауып жатырмыз. Солардың бізге қазір алтауы белгілі. Оның ең үлкені мына Атырау аэропортына жақын орналасқан Қаратөбе деген жерде. Қазір бізде ол жерде атылған адамдардың оны белгілі болып отыр. 10 адам. Негізі одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Неге десеңіз ол жердегі некропольдер бірнешеу, төбе-төбе болып жатыр. Ең кем дегенде бұл жерде 300-400 адам жерленген болуы мүмкін.