Түркістан облысында ауылға ауызсу құбыры тартылды

Түркістан облысында ауылға ауызсу құбыры тартылдыТүркістан облысында таза ауыз суға зәру елді мекендер азайып келеді.

Төле би ауданындағы Зертас ауылдық округіне тіршілік нәрін жеткізу жұмыстары өткен жылы басталған. Жобаға республикалық бюджеттен 594 миллион теңге бөлінген. Қазына қаржысына үш ұңғыма қазылды. Суды сақтауға арналған резервуар құрылысы жүргізіліп, заманауи кешен тұрғызылды. Жобалық сметалық құжатта көрсетілгендей мердігер мекеме әр үйге, есептеуіш құрылғыларын өзі орнатып береді. Округке қарасты Зертас пен Жаңакүш ауылында алты мыңға жуық халық қоныстанған. Олар бұған дейін тіршілік нәрін құдық суынан алып келді. Қазір ауданға қарасты тағы үш ауылда ауыз су құбырын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серғазы Қалдыбаев, Төлеби аудандық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Жалпы жұмыстың 98% аяқталды. Қазіргі кезде су сынамаларын алып болғаннан кейін құбырларға су жібереміз. Осы бір аптаның көлемінде жалпылама жұмыстарды аяқтаймыз деп отырмыз. Қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерлер де бар әрине.  Олардың барлығы биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде.