С.Тұрсынбекова жануарларды қорғау орталығына барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова елордадағы жануарларды қорғау орталығына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Періште жүрегі» деп аталатын жекеменшік питомникте бүгінде 130 ит пен 20 мысық бар. Олардың дені түрлі жарақат алған төрт аяқтылар. Қазір бұл жерде панасыз қалған жануарларға еріктілер өз қаражаты есебінен көмек көрсетіп келеді. Орталықтың құрылғанына биыл 4 жыл толады. Орталықтың жұмысымен танысқан Салтанат Тұрсынбекова жануарларға адамдар тарапынан жасалатын қатыгездік жанға батпай қоймайды деді.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:

– Кейінгі кезде жануарларға деген адамның жағынан, балалардың жағынан істеліп жатқан қатыгездікке бәріміз куә болып отырмыз. Бұл енді жантүршігерлік жәйт. Неге десеңіз, адамзат өзінің үйінде не болмаса, сыртта жүрген жануарларға сондай қатыгездікпен қараса, онда ол адамға деген ешқандай мейірімі болуы мүмкін емес. Өйткені ол тірі жан.