Маңғыстау облысында қант пен майға шекті баға қойылады

Енді қант келісі 507 теңге болып белгіленеді. Ал майлылығы 72,5% болатын сарымайдың келісі 4 мың 360 теңгеден аспауы керек. Бұл қаулы жақын арада күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын тауарлардың көтерме сауда құны 1 ай сақталады. Рейдтік бақылау барысында баға бақылауда болады. Жыл басында пияз, картоп, ас тұзы мен тауық етіне де шекті баға қойылған еді.

Айта кетсек, Маңғыстау облысында азық-түліктің 85%-і өзге аймақтар мен шетелден тасымалданады. Аймақ тұрғындары айына 1 мың тонна қант пен 284 тонна сарымай тұтынады.

Жанна Тоқбаева, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Шекті бағалар комиссия шешімімен шығады. Асырып сатуға бірінші ретте 100 АЕК және сол субъекті екінші рет қайталайтын болса, 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар базардың әкімшілігі егерде шекті бағаның бар екенін айтпаған болса, кәсіпкерлерге бірінші ретте ескерту, екінші ретте 25 АЕК дейін айыппұл салынады.