Петропавлда тілшілерге күш көрсету ісі бойынша сот жалғасып жатыр

Петропавлда журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы қылмыстық іс бойынша сот процесі өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында арнамыздың түсіру тобы «Ашық» жобасының өңірде жүзеге асырылыу барысы жайында материал жасамақ болып, шаһар-дағы ең ірі сауда ойын-сауық орталығына барған еді. Алайда ондағы күзетшілер БАҚ өкілдеріне күш көрсетіп, сыртқа шығарып жіберген еді. Үшінші сот отырысы кезінде айыпталушының адвокаты істі прокурорға қайтаруды талап етті. Себебі оның пікірінше, айыптау актісінде түрлі заңбұзушылықтар бар. Бірақ судья оны қанағаттандырмады. Сол себепті қорғаушы судьяны ауыстыруға өтініш берді.  

Дмитрий Баранов, адвокат:

Қазір бос судья жоқ. Барлығында процесс. Сондықтан айыпталушының қорғаушысы берген талап арыз кейін қаралатын болады. Дегенмен менің ойымша судьяны ауыстыруға ешқандай негіз жоқ. Егер айыпталушы тарапты талап арызы қанағаттандырылса, онда істі басқа судья қайтадан басынан бастап қарайтын болады.